«Жасанды интеллект – білім берудің жаңа дәуірі» атты мастер-класс өтеді

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы білім алушылар мен оқытушыларға арналған «Жасанды интеллект – білім берудің жаңа дәуірі» атты мастер-класс ұйымдастырады.

Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесіне енгізудің өзектілігін талқылау, олардың оқыту үдерісін жетілдірудегі, білім сапасын арттырудағы және студенттердің жеке қабілеттерін дамытудағы рөлін айқындау.

Мастер-класс спикері – Жансая Нұркелдіқызы Куракова, физика пәнінің мұғалімі, жасанды интеллект саласының сарапшысы. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, ЖИ құралдарын білім беру тәжірибесінде тиімді пайдаланудың нақты тәсілдерімен таныстырады.

Аталған шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндесіп, IV – «Сапалы білім», VIII – «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу» және XVII – «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағыттары аясында ұйымдастырылып отыр.

Өтетін күні: 23 қазан 2025 жыл
 Уақыты: 15:00–17:00
Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, Акт залы

Барлық қызығушылық танытқан студенттер мен оқытушыларды белсенді қатысуға шақырамыз!