Тұлғалық даму және көшбасшылық: жетістік формуласы, Диана Бакытбергеновна

Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы «Тұлғалық даму және көшбасшылық: жетістік формуласы» тақырыбында мотивациялық кездесу ұйымдастырды.

Шараның арнайы спикері – PR & Media продюсері, artgala.kz платформасының негізін қалаушы Диана Бакытбергеновна Бакбергенова болды. Ол студенттерге көшбасшылық дағдыларды дамыту, өзін-өзі таныту және кәсіби ортада табысқа жетудің тиімді жолдары туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесу интерактивті форматта өтті: білім алушылар сұрақ қойып, пікір алмасты. Әртүрлі факультеттерден қатысқан студенттер жаңа идеялар мен практикалық кеңестер алып, өз кәсіби мақсаттарына жетуге ерекше мотивация алды. Шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары, IV бағыт – «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылды.