Тұлғалық даму және ішкі үйлесім

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің №6 студенттер үйінде «Тұлғалық даму және ішкі үйлесім» тақырыбында мотивациялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологтары Ақбота Нұрланқызы мен Назерке Есенаманқызы жүргізді.

Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің өзін-өзі тану дағдыларын жетілдіру, ішкі үйлесім мен эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыру, сондай-ақ тұлғалық өсу мен позитивті ойлау мәдениетін дамыту болды.

Шара барысында қатысушылар өмірлік құндылықтары мен басымдықтарын айқындап, тұлғалық дамуға жетелейтін мақсаттар жайлы ой бөлісті. Психологтар интерактивті жаттығулар мен өзін-өзі танытуға бағытталған ойындар ұйымдастырып, студенттерге өз «Менін» тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар мамандар эмоционалды тұрақтылықты сақтау, ішкі күйзелістерді еңсеру және позитивті өмірлік ұстанымды қалыптастырудың тиімді жолдары бойынша практикалық кеңестермен бөлісті.

Аталған тренинг БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 «Денсаулық және амандық» бағыты аясында жүзеге асырылды.