19 сәуір күні Алматы қаласындағы ерекше табиғи аумақтардың бірі — Роща Баумада еріктілердің қатысуымен үлкен сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шара қаланың тынысы болған жасыл кеңістікті тазартып, оны болашақ ұрпаққа таза күйінде табыстауға бағытталды.
Сенбілік аясында атқарылған жұмыстар:
• Ағаштар арасындағы қоқыстар мен қалдықтар жиналды
• Жапырақтар мен бұта қалдықтары тазаланды
• Кейбір ағаш түптері әктеліп, күтім жасалды
• Жаяу жүргінші жолдары тазартылып, ретке келтірілді
Ең бастысы — адамдардың бірігіп еңбек етуі мен табиғатқа деген жанашыр көзқарасы! Бұл тек сенбілік емес, бұл — үлкен миссия. Еріктілер өз еркімен уақыттарын бөліп, табиғатты қорғау жолында нақты іс атқарды. Мұндай шаралар қоршаған ортаға ғана емес, қоғамға да серпін береді.





