Университеттің білім беру сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі оның республикадағы, сондай-ақ шетелдегі университеттер рейтингісіндегі көрсеткіштері болып табылады. Рейтинг дегеніміз — белгілі бір объектінің немесе құбылыстың маңыздылығын немесе мәнділігін көрсететін сандық немесе реттік көрсеткіш. Бұл тізім, әдетте, сараптамалық зерттеулерден немесе аудиториядан алынған сауалнамалар негізінде жасалады. Рейтинг көбіне көшбасшыларды салыстыратын және жеңімпаздарды анықтайтын өлшемдерден тұрады.
Ұлттық және халықаралық деңгейдегі әртүрлі университет рейтингтерін құру әдістері бір-бірінен ерекшеленеді. Рейтинг құру кезінде әр ұйым университет қызметінің басым бағыттарын таңдайды, ұйымның жетістік көрсеткіштерін белгілей отырып есептеу әдістерін әзірлейді.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті халықаралық және ұлттық рейтингтерге белсенді қатысады. Біздің университет жоғары стандарттарға сәйкес мемлекетте танымал ЖОО болуға ұмтылады. Ұлттық рейтингке қатысу барысында университет АРТА, БСҚТА, Атамекен тәрізді рейтингтерде жетекші орындарда тұрақтады, сонымен қатар ARES, QS, QS EECA, THE және Webometrics сияқты халықаралық рейтингтердегі орнын бекітті.





