QyzPU студенттері мотивация мен жеке даму тақырыбында тренингтен өтті

2025 жылдың 23 қазанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің №5 студенттер үйінде «Мотивация және жеке даму» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараны Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологтары Ақбота Нұрланқызы мен Назерке Есенаманқызы жүргізді.

Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің ішкі мотивациясын арттыру, мақсат қою және оған жету дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ өзін-өзі дамыту мен сенімділікті нығайту болды.

Шара барысында қатысушылар өздерінің жеке мақсаттарын айқындап, табысқа жету жолдарын талқылады. Психологтар түрлі мотивациялық ойындар мен тәжірибелік жаттығулар ұйымдастырып, студенттерге өз әлеуетін танып, өмірлік ұстанымдарын бекітуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар мамандар қатысушыларға мотивацияны арттыру, табандылық пен сенімділікті дамыту, қиындықтарды еңсеру жолдары бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті.

Аталған шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 «Денсаулық және амандық» бағыты аясында жүзеге асырылды.