Құқықтық сауаттылық – заман талабы

Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы білім алушыларға арналған құқықтық сауаттылық бойынша ақпараттық кездесу өткізді.

Шараның спикерлері заңгерлер – Азамат Аблқаевич және Альбина Бахтиярқызы жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, жауапкершілік сезімін күшейту және өмірлік маңызды дағдыларын дамыту бағытында мазмұнды ақпарат ұсынды.

Кездесудің басты мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру арқылы олардың академиялық жетістіктері мен көшбасшылық қабілеттерін нығайту. Іс-шараға қатысқан 1–2 курс студенттері күнделікті өмірде, оқу барысында және болашақ кәсіби ортада құқықтарын қорғаудың маңызын түсініп, негізгі міндеттері туралы жан-жақты мәлімет алды.

Спикерлер құқықтық сауаттылықтың жеке тұлғаның қалыптасуы мен кәсіби табысына тікелей әсер ететінін атап өтіп, құқықтық мәдениеттің қоғамдағы азаматтық белсенділікпен тығыз байланысты екенін жеткізді. Заңгер құқықтық сауаттылықтың тек заңды білу ғана емес, сонымен қатар өз құқығын тиімді пайдалану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.

Ақпараттық кездесу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үйлесіп, IV — «Сапалы білім», V — «Гендерлік теңдік» және VIII — «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағыттарының жүзеге асуына өз үлесін қосты.