Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы 1-курс студенттеріне арналған мотивациялық дәрістер циклін жалғастырды. Дәріс Педагогика және психология институтында өтті.
Келесі спикер – қаржыгер, экономика ғылымдарының кандидаты, MSc Finance (Ұлыбритания), қаржы директоры Айгерім Ильясова. Оның қаржы саласындағы тәжірибесі 15 жылдан асады.
Дәрістің мақсаты:
- ТДМ 4 – Сапалы білім: қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы студенттердің білім көкжиегін кеңейту.
- ТДМ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу: кәсіпкерлікке ынталандыру және табысты мансап құруға бағыт беру.
Қаржыны дұрыс басқару – табысты өмірдің кепілі. Бұл дәріс студенттерге өз қаржысын сауатты басқаруға және болашағын сенімді жоспарлауға көмектеседі.





