Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы студенттердің тұлғалық дамуын қолдау, көшбасшылық әлеуетін арттыру және hard skills дағдыларын жетілдіру мақсатында «Ораторлық өнер: сенімді сөйлеу мен өзін таныта білу жолдары» тақырыбында шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Іс-шараның арнайы қонағы ретінде танымал медиа-тренер, кәсіби оратор, «Сила голоса» жобасының авторы Абай Асылхан шақырылды. Спикер көпшілік алдында еркін әрі сенімді сөйлеудің психологиялық қырлары, әсерлі коммуникацияның негізгі қағидаттары, дауыс пен дикцияны басқару, эмоциялық интеллектті дамыту мәселелері бойынша мазмұнды әрі тәжірибелік кеңестер ұсынды.
Шеберлік сабағы барысында студенттер интерактивті жаттығуларға қатысып, аудиториямен жұмыс істеу, ойды жүйелі жеткізу және өзін кәсіби тұрғыда таныта білу дағдыларын тәжірибе жүзінде шыңдады.
Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарымен сабақтасып, ТДМ 4 – «Сапалы білім», ТДМ 5 – «Гендерлік теңдік», ТДМ 8 – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағыттарын қамтыды.
Шеберлік сабағы студенттердің болашақ кәсіби қызметінде маңызды саналатын сенімді сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, жеке бастамашылдығын арттыруға және көпшілік алдында өзін еркін ұстауына ықпал етті.





