Колледж студенттері үшін емтихан алдындағы мотивациялық тренинг өткізілді

2025 жылғы 18 желтоқсанда Менталды денсаулықты дамыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Кәсіптік білім беру колледжінің студенттеріне арналған емтихан алдындағы мотивациялық тренинг өткізілді.

Тренингтің негізгі мақсаты — студенттерге емтихан кезеңі қарсаңында психологиялық қолдау көрсету, күйзеліс деңгейін төмендету және ішкі ресурстарын нығайту болды.

Іс-шараның спикері — Менталды денсаулықты дамыту орталығының коуч-психологы Мусина Сара Смановна. Ол студенттермен емтихан кезінде сабыр сақтауға, ойдың айқындығын ұстап тұруға және психологиялық тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін практикалық әдістер мен ұсынымдармен бөлісті.

Кездесу барысында стресс пен емтихан алдындағы мазасыздықты басқару, өз күшіне деген сенімділікті арттыру, ішкі мотивация мен эмоциялық тұрақтылықты қалыптастыру, жоғары оқу жүктемесі кезеңінде зейінді шоғырландыру және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған игі бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3: «Денсаулық және амандық» бағыты аясында жүзеге асырылып, жастардың психикалық денсаулығын нығайтуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Менталды денсаулықты дамыту орталығы алдағы уақытта да студенттерге қолдау көрсетуге, олардың психологиялық тұрақтылығын арттыруға және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар, кездесулер мен тренингтерді жалғастырады.