«Көшбасшылық мінез: бойдағы лидерлікті ояту» мотивациялық кездесу өтті

Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы білім алушылардың soft skills дағдыларын дамыту және тұлғалық өсуін қолдау мақсатында «Көшбасшылық мінез: бойдағы лидерлікті ояту» атты мотивациялық кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің спикері – психолог және отбасылық кеңесші Айдархан Жанайым болды. Шараның мақсаты – студенттердің эмоция мен мінез арасындағы байланысты түсіну арқылы ішкі тепе-теңдікті қалыптастыруына, өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуына және тұлғалық тұрақтылықты нығайтуға психологиялық қолдау көрсету.

Іс-шара барысында қатысушылар әртүрлі тренингтерге, қарым-қатынасты дамытуға арналған ойындар мен көшбасшылық қасиеттерді оятуға арналған практикалық жаттығуларға қатысып, өз дағдыларын жетілдірді.

Мотивациялық кездесу студенттердің эмоционалды тұрақтылығын арттыруға, өз-өзін тану деңгейін көтеруге және болашақта көшбасшылық қабілеттерін тиімді қолдануға ықпал етті. Сонымен қатар әр институттан келген қатысушылар өзара тәжірибе бөлісіп, жаңа білім алу және психологиялық қолдау алу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл мотивациялық шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндесіп, IV – «Сапалы білім», V – «Гендерлік теңдік» және VIII – «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу» бағыттары негізінде ұйымдастырылды.