«Тұрақты даму мақсаттары және экология»
Мақсаты: қоршаған әлемнің жалпы экологиялық бейнесін жасау және оған адамның әсерін айқындау.
САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ
XXI ғасырда ғылымның жаңа құндылықтарын игеру адамзат қоғамының дамуын жаңа биіктерге көтеріп, адамзат әлемін бір-біріне тығыз байланыстыруда. Жоғарғы технологиялар, ақпарат, әлемдік экономиканы игеретін жаңа ғасыр келді.
Осыған орай жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жаңа ұлттық моделін жүзеге асыру, жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар, экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық зерттеулерін қарастырып сапалы білім беру бағытында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жемісті жұмыстар жүргізуде. Профессор — оқытушылар құрамы қазіргі заманғы жаңа технологияларды пайдаланып жоғарғы деңгейде ашық сабақтар мен шеберлік, іскерлік сабақтарын өткізіп студентттерге тәлім береді. ж.ғ.м., аға оқытушы Садыкова Дамежан Адилхановна Ривин-Баженовтың топтап оқыту, а/ш.ғ.к., доцент Байташева Гаухар Өміралиевна Эдуард-де-Боне, а/ш.ғ.к., д.м.а. Медеуова Ғалия Жумахановна Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологияларын пайдаланып жоғарғы деңгейде дәрістер өткізуде.





