«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ»

Академиялық адалдық, әділдік пен жауапкершілік – саналы қоғамның берік іргетасы. Осы құндылықтарды дәріптеу және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Sanaly Urpaq ұйымы мен Тұрақты даму ұйымдарының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында ұйымдастырылып, студенттерге адалдық, парасат, шындық пен әділет ұғымдарының қоғам дамуындағы маңызын терең түсіндіруге бағытталды. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары, академиялық ортадағы адалдық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Спикерлер нақты мысалдар мен өмірлік тәжірибелер арқылы жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын, оның жеке тұлға мен мемлекет болашағына әсерін жан-жақты түсіндірді.

Іс-шара спикерлері қатарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Нұрмагамбетова Айдана Ақзатқызы және университеттің комплаенс-маманы Әнуар Әскербек Әбдірахманұлы болды. Олар өз салалары бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы дайындалған презентациялар мен бейнематериалдар ұсынды. Кездесу интерактивті форматта өтіп, студенттер тарапынан белсенді сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Шараның негізгі мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, академиялық адалдық қағидаттарын нығайту және заңға құрметпен қарау дағдысын дамыту. Университет қабырғасында адалдық пен әділдік қағидаттарын берік ұстану – болашақ білікті мамандарды тәрбиелеудің маңызды шарты екені атап өтілді.Адалдық – саналы таңдау. Әділдік – берік ұстаным. Ал жемқорлықсыз қоғам – ортақ мақсат.

«Қайырымдылық жәрмеңкесі»

Жастар саясатына қарасты Студенттік кеңестің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» 24-28 ақпан аралығында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде жиналған қаражатқа «ЖанҰя» балалар үйіне киім-кешектер және мектепке қажетті заттар апарылып берілді. Балалармен қызықты ойындар ойналып балалардың көңіл-күйлерін көтеріп қайттық.Жақсы амалдармен жарысайық жақсылар!

Қаржылық сауаттылық негіздері – мотивациялық кездесу, Нұргүл Бексұлтанқызы

Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы Физика, математика және цифрлық технологиялар институтында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған мотивациялық дәріс ұйымдастырды.

Қаржылық сауаттылықты арттыру – қазіргі жастардың кәсіби, тұлғалық және әлеуметтік дамуының маңызды құрамдас бөлігі.

Дәріс барысында студенттер жеке бюджет жүргізу, жинақ қалыптастыру, табыстар мен шығындарды жоспарлау сияқты пайдалы дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды.

Дәрістің негізгі мақсаты – қаржылық мәдениетті қалыптастыру, жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуметтік жауапкершілігін нығайту.

Аталған мотивациялық дәріс тек теориялық білім көзі ғана емес, сонымен қатар қаржылық дербестікке бастайтын нақты қадам болды. Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, орталық тарапынан дайындалған арнайы сыйлықтарға ие болды.