«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ»

Академиялық адалдық, әділдік пен жауапкершілік – саналы қоғамның берік іргетасы. Осы құндылықтарды дәріптеу және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Sanaly Urpaq ұйымы мен Тұрақты даму ұйымдарының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында ұйымдастырылып, студенттерге адалдық, парасат, шындық пен әділет ұғымдарының қоғам дамуындағы маңызын терең түсіндіруге бағытталды. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары, академиялық ортадағы адалдық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Спикерлер нақты мысалдар мен өмірлік тәжірибелер арқылы жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын, оның жеке тұлға мен мемлекет болашағына әсерін жан-жақты түсіндірді.

Іс-шара спикерлері қатарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Нұрмагамбетова Айдана Ақзатқызы және университеттің комплаенс-маманы Әнуар Әскербек Әбдірахманұлы болды. Олар өз салалары бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы дайындалған презентациялар мен бейнематериалдар ұсынды. Кездесу интерактивті форматта өтіп, студенттер тарапынан белсенді сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Шараның негізгі мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, академиялық адалдық қағидаттарын нығайту және заңға құрметпен қарау дағдысын дамыту. Университет қабырғасында адалдық пен әділдік қағидаттарын берік ұстану – болашақ білікті мамандарды тәрбиелеудің маңызды шарты екені атап өтілді.Адалдық – саналы таңдау. Әділдік – берік ұстаным. Ал жемқорлықсыз қоғам – ортақ мақсат.

«Қайырымдылық жәрмеңкесі»

Жастар саясатына қарасты Студенттік кеңестің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» 24-28 ақпан аралығында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде жиналған қаражатқа «ЖанҰя» балалар үйіне киім-кешектер және мектепке қажетті заттар апарылып берілді. Балалармен қызықты ойындар ойналып балалардың көңіл-күйлерін көтеріп қайттық.Жақсы амалдармен жарысайық жақсылар!

Мешіт тазалығы жобасы

12 наурыз күні “Ашық Жүрек” еріктілері мен ФМЦТ институтының белсенділері Алматы қаласының орталық мешітінде тазалық жұмыстарын жүргізді! Жоба аясында еріктілеріміз бен белсенділеріміз мешіт ішін жинастырып, оның таза әрі жайлы болуы үшін өз үлестерін қосты.

Бұл тек тазалық шарасы ғана емес, сонымен бірге қайырымдылық пен рухани дамуға бастар жол! Осындай игі істерге атсалысқан барлық еріктілерге және белсенділерге алғысымыз шексіз!

Жақсылық жасаудан жалықпайық!

Табиғатты қорғау – әр адамның парызы!

19 сәуір күні Алматы қаласындағы ерекше табиғи аумақтардың бірі — Роща Баумада еріктілердің қатысуымен үлкен сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шара қаланың тынысы болған жасыл кеңістікті тазартып, оны болашақ ұрпаққа таза күйінде табыстауға бағытталды.

Сенбілік аясында атқарылған жұмыстар:
• Ағаштар арасындағы қоқыстар мен қалдықтар жиналды
• Жапырақтар мен бұта қалдықтары тазаланды
• Кейбір ағаш түптері әктеліп, күтім жасалды
• Жаяу жүргінші жолдары тазартылып, ретке келтірілді

Ең бастысы — адамдардың бірігіп еңбек етуі мен табиғатқа деген жанашыр көзқарасы! Бұл тек сенбілік емес, бұл — үлкен миссия. Еріктілер өз еркімен уақыттарын бөліп, табиғатты қорғау жолында нақты іс атқарды. Мұндай шаралар қоршаған ортаға ғана емес, қоғамға да серпін береді.

«Ашық жүрек» еріктілері қайырымдылық жолында!

Біздің еріктілер командасы аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында 20 наурыз күні азық-түлік және қажетті заттармен көмектесті. Біз бұл шара арқылы мұқтаж жандарға қол ұшын созып, олардың өмірлерін сәл болса да жақсартқымыз келді.

 Қайырымдылық – үлкен жүректің белгісі!  Біз әрбір адамның жүрегінде жанашырлық пен мейірімділік бар екенін білетініміз үшін, осындай игі істермен айналысу біздің міндетіміз. Алған мейірімділікімізді тарата отырып, айналамызға жылулық пен қуаныш сыйлай аламыз.

 Ашық жүрек — жүректен жүрекке!  Бұл ұран бізді біріктіреді, әрқайсымыздың үлесімізбен әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға көмектеседі. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін маңызды!

«ALMATY HALF MARATHON 2026: Мақсатқа жетудің формуласы»

Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы Дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттерін «ALMATY HALF MARATHON 2026: Мақсатқа жетудің формуласы» тақырыбындағы мотивациялық кездесуге шақырды.

Спикер – Толқын Нурышева, Microsoft Kazakhstan компаниясының директоры, марафоншы, жеңіл атлетикадан Masters санаты бойынша Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы.

Іс-шара барысында спикер мінез-құлық арқылы жетістікке жету жолдарын, тәртіп пен табандылықты, рөлдік және көшбасшылық қасиеттерді дамыту, өз арманына сеніп, нақты мақсат қоюдың тиімді тәсілдері бойынша тәжірибелік мысалдарымен бөлісті.

Қаржылық сауаттылық негіздері – мотивациялық кездесу, Нұргүл Бексұлтанқызы

Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы Физика, математика және цифрлық технологиялар институтында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған мотивациялық дәріс ұйымдастырды.

Қаржылық сауаттылықты арттыру – қазіргі жастардың кәсіби, тұлғалық және әлеуметтік дамуының маңызды құрамдас бөлігі.

Дәріс барысында студенттер жеке бюджет жүргізу, жинақ қалыптастыру, табыстар мен шығындарды жоспарлау сияқты пайдалы дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды.

Дәрістің негізгі мақсаты – қаржылық мәдениетті қалыптастыру, жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуметтік жауапкершілігін нығайту.

Аталған мотивациялық дәріс тек теориялық білім көзі ғана емес, сонымен қатар қаржылық дербестікке бастайтын нақты қадам болды. Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, орталық тарапынан дайындалған арнайы сыйлықтарға ие болды.

17-мақсат: Тұрақты даму үшін серіктестік

«Кірісті, шығысты және оны үлестіруді жазып жүруді әдетке айналдыру керек»: QyzPU-да Азамат Скаковтың қатысуымен қаржылық сауатқа арналған мастер-класс өтті

«Табандылық – жетістікке апарады»: жас кәсіпкер Ерсін Сұлтан студенттермен тәжірибесімен бөлісті

Алматы қаласы жастар саясаты өкілдері QyzPU белсенді студенттерімен кездесті

Жастардың діни сауаттылығын арттыруға арналған танымдық кездесу өтті

Жастардың рухани қауіпсіздігі: радикалды идеологиялардың алдын алу жолдары

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқық қорғау өкілдерімен кездесу өтті

«Жеке қаржыны басқару: 2026 жылға арналған жоспар, жинақ және өсім» тақырыбында мастер-класс өтті

«Өмірімді өнеріммен кестеледім»шығармашылық ән кеші

Заң  мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі

«Заң және тәртіп: қоғамның талаптары» тақырыбында кездесу өтті

«Заң және тәртіп» тақырыбында бейнеролик көрсетілімі өтті

Руслан Берденовпен «Жастар. Идея. Болашақ.» атты мотивациялық кездесу өтті

Almaty Half Marathon волонтерлерін іріктеу презентациясы өтті

Тұлғалық дамуды қалыптастыру бағытында мотивациялық кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» акциясы: QyzPU-да жоғары оқу орындары арасында дебат турнирі өтті

Алғашқы ірі гранит зауытын қалаған кәсіпкермен кездесу

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның басты қағидасы

QyzPU Live: Бақыт Әліпбаевамен сұхбат

QyzPU мен Қазақстан шахмат федерациясының бірлескен жобасы

QyzPU «JAS GALA – 2026» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!

«Үздік ЖОО» номинациясын жеңіп алды

«Жасыл ел» жасағының мүшелері балалар үйіне қолдау көрсетті

16-мақсат: Бейбітшілік, әділдік және эффективты институттар