Балалардың түрлі әрекетін ойын арқылы ұйымдастыру: әдістемелік семинар өтті

2025 жылғы 8 қазанда Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен «Балалардың түрлі әрекетін ойын арқылы ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамытуда ойынның маңызын арттыру, педагогтар мен болашақ мамандарға ойын арқылы оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырудың заманауи әдістерін үйрету.

Семинардың құрметті қонағы – ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» мемлекеттік мекемесінің Ақпараттандыру және қоғаммен байланыс департаментінің аға сарапшысы Үміт Томпай болды.

Үміт Томпай өз сөзінде ойынның баланың тұлғалық дамуына әсері, ойын арқылы ойлау мен сөйлеу қабілетін жетілдіру жолдары жөнінде баяндама жасап, қатысушылармен тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ ол қатысушыларға 2–3 ойын түрін тәжірибе жүзінде көрсетіп, олардың құрылымы мен тиімді қолдану тәсілдерін түсіндірді. Бұл тәжірибелік бөлім қатысушылар тарапынан ерекше қызығушылық тудырды.