«ALMATY HALF MARATHON 2026: Мақсатқа жетудің формуласы»

Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы Дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттерін «ALMATY HALF MARATHON 2026: Мақсатқа жетудің формуласы» тақырыбындағы мотивациялық кездесуге шақырды.

Спикер – Толқын Нурышева, Microsoft Kazakhstan компаниясының директоры, марафоншы, жеңіл атлетикадан Masters санаты бойынша Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы.

Іс-шара барысында спикер мінез-құлық арқылы жетістікке жету жолдарын, тәртіп пен табандылықты, рөлдік және көшбасшылық қасиеттерді дамыту, өз арманына сеніп, нақты мақсат қоюдың тиімді тәсілдері бойынша тәжірибелік мысалдарымен бөлісті.

Қаржылық сауаттылық негіздері – мотивациялық кездесу, Нұргүл Бексұлтанқызы

Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы Физика, математика және цифрлық технологиялар институтында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған мотивациялық дәріс ұйымдастырды.

Қаржылық сауаттылықты арттыру – қазіргі жастардың кәсіби, тұлғалық және әлеуметтік дамуының маңызды құрамдас бөлігі.

Дәріс барысында студенттер жеке бюджет жүргізу, жинақ қалыптастыру, табыстар мен шығындарды жоспарлау сияқты пайдалы дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды.

Дәрістің негізгі мақсаты – қаржылық мәдениетті қалыптастыру, жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуметтік жауапкершілігін нығайту.

Аталған мотивациялық дәріс тек теориялық білім көзі ғана емес, сонымен қатар қаржылық дербестікке бастайтын нақты қадам болды. Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, орталық тарапынан дайындалған арнайы сыйлықтарға ие болды.

“Speaking Club”

Тұлға қалыптастыру департаменті Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен “Speaking Club” тегін курсы өтті.

Мақсаты: білім алушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеу қабілетін қалыптастыру және қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.  Бағдарлама: Түрлі тақырыптарда пікір алмасу; Топтық ойындар мен талқылаулар; Интерактивті әдістер арқылы сөйлеу машықтарын дамыту.

Тұлғалық даму және көшбасшылық: жетістік формуласы, Диана Бакытбергеновна

Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы «Тұлғалық даму және көшбасшылық: жетістік формуласы» тақырыбында мотивациялық кездесу ұйымдастырды.

Шараның арнайы спикері – PR & Media продюсері, artgala.kz платформасының негізін қалаушы Диана Бакытбергеновна Бакбергенова болды. Ол студенттерге көшбасшылық дағдыларды дамыту, өзін-өзі таныту және кәсіби ортада табысқа жетудің тиімді жолдары туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесу интерактивті форматта өтті: білім алушылар сұрақ қойып, пікір алмасты. Әртүрлі факультеттерден қатысқан студенттер жаңа идеялар мен практикалық кеңестер алып, өз кәсіби мақсаттарына жетуге ерекше мотивация алды. Шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары, IV бағыт – «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылды.

Қаржылық сауаттылық негіздері – мотивациялық кездесу, Айгерім Ильясова

Қыздар көшбасшылығы мен  кәсіпкерлік орталығы 1-курс студенттеріне арналған мотивациялық дәрістер циклін жалғастырды. Дәріс Педагогика және психология институтында өтті.

Келесі спикер – қаржыгер, экономика ғылымдарының кандидаты, MSc Finance (Ұлыбритания), қаржы директоры Айгерім Ильясова. Оның қаржы саласындағы тәжірибесі 15 жылдан асады.

Дәрістің мақсаты:

  • ТДМ 4 – Сапалы білім: қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы студенттердің білім көкжиегін кеңейту.
  • ТДМ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу: кәсіпкерлікке ынталандыру және табысты мансап құруға бағыт беру.

Қаржыны дұрыс басқару – табысты өмірдің кепілі. Бұл дәріс студенттерге өз қаржысын сауатты басқаруға және болашағын сенімді жоспарлауға көмектеседі.