«Арман Дала» демалыс лагерінің тәлімгерлерімен кездесу

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 5 қараша күні Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен «Арман Дала» демалыс лагерінің тәлімгерлері білім алушылармен арнайы кездесу өткізеді.

Мақсаты – білім алушылардың педагогикалық шеберлігін арттыруға, көшбасшылық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) 4-мақсаты – «Сапалы білім» және 8-мақсаты – «Жақсы жұмыс пен экономикалық өсу» аясында білім мен еңбектің үйлесімді байланысын нығайту арқылы болашақ мамандардың кәсіби әлеуетін көтеру.

Бұл кездесу – болашақ педагогтар үшін кәсіби тәжірибе мен тұлғалық дамудың жаңа мүмкіндігі. 2022 жылдан бері университет студенттері «Арман Дала» ұжымымен бірлесе отырып, қысқы және жазғы маусымдарда тәлімгерлік қызмет атқарып келеді. Осы уақыт аралығында студенттер білім беру үдерісін ұйымдастыру, балалар психологиясын түсіну және көшбасшылық дағдыларын дамыту бағытында құнды тәжірибе жинақтаған.

Биылғы ынтымақтастық жаңа серпінмен жалғасып, мазмұны жаңаша сипат алады. Кездесу барысында студенттерге лагерь ұсынған жаңашыл жобалар таныстырылып, алдағы бірлескен бастамалар талқыланады.

Өтетін күні: 5 қараша 2025 жыл
Уақыты: 15:00–16:00
Өтетін орны: Акт залы

Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы білім, тәрбие және кәсіпкерлікті ұштастыра отырып, заманауи педагогтардың әлеуетін ашуға бағытталған жобаларды қолдауды жалғастырады.