Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері мен белсенді студенттердің кездесуі өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының Жастарды әлеуметтендіру және ақпараттық қамту бөлімінің басшысы Беккайров Нұрсұлтан Болатұлы және Алматы қаласы Жоғары оқу орындарымен жұмыс басқармасының басшысы Мұхтарұлы Нұрлан қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – қала жастарына арналған жаңа жобалар мен мүмкіндіктер туралы ақпарат беру, сондай-ақ жастар бастамаларын қолдау болды.
Кездесу барысында қатысушыларға Алматы қаласының аудандық комьюнити орталықтарының қызметі, студенттердің жұмыспен қамтылуы, жұмысқа орналасу бағыттары және белсенді жастармен бірлесе жұмыс жүргізу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілді.
Университет студенттері өз кезегінде жастар саясаты саласындағы сұрақтарын қойып, түрлі ұсыныстарын білдірді.
Мұндай кездесулер – жастар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға, студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.





