«ALMATY HALF MARATHON 2026: Мақсатқа жетудің формуласы»

Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы Дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттерін «ALMATY HALF MARATHON 2026: Мақсатқа жетудің формуласы» тақырыбындағы мотивациялық кездесуге шақырды.

Спикер – Толқын Нурышева, Microsoft Kazakhstan компаниясының директоры, марафоншы, жеңіл атлетикадан Masters санаты бойынша Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы.

Іс-шара барысында спикер мінез-құлық арқылы жетістікке жету жолдарын, тәртіп пен табандылықты, рөлдік және көшбасшылық қасиеттерді дамыту, өз арманына сеніп, нақты мақсат қоюдың тиімді тәсілдері бойынша тәжірибелік мысалдарымен бөлісті.