Logo

Білімді қыздар - Білімді ұлт

ҚазҰҚПУ-дың орнықты даму мақсаттарына бейілділігі
ҚазҰҚПУ-дың орнықты даму мақсаттарына бейілділігі

Орнықты даму-Қоршаған орта мен ресурстарды сақтай отырып, адамның ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған шаралар кешені, яғни болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне нұқсан келтірместен. Тұрақты даму табиғи ресурстарды, биологиялық әртүрлілікті, сондай-ақ қоғамдағы тауарларды әділ бөлудің маңыздылығын мойындай отырып, экономикалық өсу, әлеуметтік даму және экологиялық факторлар арасындағы тепе-теңдіктің қажеттілігіне назар аударады.

Толығырақ...
Жаңалықтар мен оқиғалар
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ»

Академиялық адалдық, әділдік пен жауапкершілік – саналы қоғамның берік іргетасы. Осы құндылықтарды дәріптеу және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Sanaly Urpaq ұйымы мен Тұрақты даму ұйымдарының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында ұйымдастырылып, студенттерге адалдық, парасат, шындық пен әділет ұғымдарының […]

24.07.2026
«Қайырымдылық жәрмеңкесі»

Жастар саясатына қарасты Студенттік кеңестің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» 24-28 ақпан аралығында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде жиналған қаражатқа «ЖанҰя» балалар үйіне киім-кешектер және мектепке қажетті заттар апарылып берілді. Балалармен қызықты ойындар ойналып балалардың көңіл-күйлерін көтеріп қайттық.Жақсы амалдармен жарысайық жақсылар!

24.07.2026
Мешіт тазалығы жобасы

12 наурыз күні “Ашық Жүрек” еріктілері мен ФМЦТ институтының белсенділері Алматы қаласының орталық мешітінде тазалық жұмыстарын жүргізді! Жоба аясында еріктілеріміз бен белсенділеріміз мешіт ішін жинастырып, оның таза әрі жайлы болуы үшін өз үлестерін қосты. Бұл тек тазалық шарасы ғана емес, сонымен бірге қайырымдылық пен рухани дамуға бастар жол! Осындай игі істерге атсалысқан барлық еріктілерге және […]

16.06.2026
Табиғатты қорғау – әр адамның парызы!

19 сәуір күні Алматы қаласындағы ерекше табиғи аумақтардың бірі — Роща Баумада еріктілердің қатысуымен үлкен сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шара қаланың тынысы болған жасыл кеңістікті тазартып, оны болашақ ұрпаққа таза күйінде табыстауға бағытталды. Сенбілік аясында атқарылған жұмыстар:• Ағаштар арасындағы қоқыстар мен қалдықтар жиналды• Жапырақтар мен бұта қалдықтары тазаланды• Кейбір ағаш түптері әктеліп, күтім жасалды• Жаяу жүргінші […]

16.06.2026
Жиі қойылатын сұрақтар
  • Тұрақты дамудың (ТДМ) мақсаттары қандай?

    Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2015 жылдың қыркүйегінде 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тәртібі аясында қабылдаған 17 мақсаттың әмбебап жиынтығы.

  • Бұл қалай жұмыс істейді?

    Университет қоршаған ортаны қорғауға, қалдықтарды жинауға және өңдеуге, су мен электр энергиясын үнемдеуге, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын Эко-кампус стратегиясын әзірледі. Эко-кампус студенттерді Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша зерттеу және жобалау жұмыстарында, студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлері арасында экологиялық сана мен жауапкершілік саласындағы әлеуетті арттыру бойынша әлеуметтік бастамаларды жүргізуде қолдауды жүзеге асырады.

  • Көрнекті орындар

    Университет мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған іс-шаралар ұйымдастыра отырып, жергілікті қоғамдастықпен, билік органдарымен және басқа да білім беру мекемелерімен белсенді жұмыс істейді. Біздің университетте музыка және бейнелеу өнері кафедрасы жұмыс істейді, ол университетте және одан тыс жерлерде жыл сайынғы іс-шараларды ұйымдастырады, қоғамдағы мәдени өмірдің дамуына ықпал етеді.

Студенттік одақтар мен клубтар

Біздің Университет БҰҰ-ның Тұрақты даму бағдарламаларын қолдай отырып, жыл сайын әлеуметтік, экономикалық және экологиялық бастамалар арқылы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін арттырады.

Эко-кампус студенттерді Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша зерттеу және жобалау жұмыстарында, студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлері арасында экологиялық сана мен жауапкершілік саласындағы әлеуетті арттыру бойынша әлеуметтік бастамаларды жүргізуде қолдауды жүзеге асырады.

News